Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлына 1,5 млн теңге қарыз: алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді

Ұлына 1,5 млн теңге қарыз: алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді
Фото: pixabay.com

Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген. Борышкердің берешегі 1,5 млн теңгеден асып кеткен.

Тұран АПБ-ның анықтаушылары оның бұрыңғы әйелінің арызы бойынша іс тіркеп, азаматты құжаттармен таныстырып, аталған құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірді. Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі, ал балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың міндеті.

Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді