Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

6 айлық баласымен мас күйде жүрген атыраулық әйел жауапқа тартылды

6 айлық баласымен мас күйде жүрген атыраулық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, Азаттық көшесінде колында кішкентай баласы бар белгісіз әйелдің мас күйінде жүргендігі жөнінде хабарлама берген.

Хабарлама бойынша дереу жеткен полицейлер 37 жастағы әйелді ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның орта дәрежедегі мас күйде екендігін анықтады.

Белгілі болғандай, 37 жастағы келіншектің қолында алты айлық сәбиі болған. Аталған әйел өзінің үш күн бойы ішімдік ішкендігін айтып, өз кінәсін мойындаған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар 37 жастағы әйел Атырау қаласы Полиция басқармасының “Жайсыз отбасы” есебіне алынып, оған қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы әкімияты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты