2021 жылғы 12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. Елді мекендерден тыс жерлерге шыққан адамдар қауіпті жағдайға тап болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Құтқару операциялары Абай, Бұқар-Жырау және Осакаров аудандарының автожолдарында жүргізілді. ТЖД бөлімшелері қар құрсауында қалған автокөліктерден 9 адамды құтқарып, эвакуациялады.
Сонымен қатар, автокөліктердің жүруінің қиындығына және ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты Бұқар Жырау ауданы Баймырза ауылының құтқарушыларының күшімен 2020 жылы туған бала Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті облыс аумағында дауылды ескерту әрекет ететіндігін еске салады!
Елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтықтарға, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде, әсіресе жас балалармен жаяу жүруден бас тартуға кеңес береміз. Ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіз.
Жүргізушілерге автожолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалауға кеңес беріледі.
Қозғалыс жабылған кезде көлік құралдарының автожолдарда жабылу орындарында жиналмауын, мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болуын сұраймыз.
Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Darmen» мобильдік қосымшасында, ТЖД ресми сайтында қолжетімді.