Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция қызметкерлері алтын түстес Toyota Camry автокөлігін анықтады, оның жүргізушісі бірнеше ай ішінде 2 миллион 457 мың 350 теңгеге 54 мәрте жылдамдық режимін бұзған.

Полицейлер 31 жастағы жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы әшкереледі. Оған көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн орнатқаны және басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ол үшін жүргізушіге тағы 27 690 теңге айыппұл салынды және сот шешімімен 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Құқық бұзушының автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Айта кету керек, автокөліктің тіркелген өз нөмірінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі жоқ.

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысында 22500-ден астам жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді