Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды

Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының биыл пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында қоршаған орта объектілеріне және тамақ өнімдеріне бактериологиялық, молекулярлық-генетикалық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық және токсикологиялық, радиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысына Орталықтағы заманауи құралдармен жабдықталған және ең жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, жедел әрі нақты нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зертханалар таныстырылды. Онда заманауи анализаторлармен бірге агрессивті-химиялық реактивтерді қажет етпейтін, экспресс-әдістемелерді қолданатын портативті зертханалық құрылғылар орнатылған. Бұл зерттеу уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, қаржыны да үнемдейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың айтуынша, Санитариялық-эпидемиялық сараптама орталығында 8 зертхана жұмыс істейді. Алдағы уақытта зерттеулер номенклатурасын жылына 2000-ға дейін кеңейту көзделіп отыр.

Сонымен қатар зерттеулердің жаңа түрлерін, халықаралық сапа және құзыреттілік стандарттарын енгізу нәтижесінде Орталық Референс зертхана мәртебесіне ие бола алады. Яғни, басқа зертханалардағы күмән тудырған зерттеулердің дұрыстығы мен дәлдігін осы жерде нақты тексеруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарға алғыс айтып, жаңа сараптама орталығы ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Медициналық орталықтың қоғамдық денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты