Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды
Фото: AFP 2023 / NOORULLAH SHIRZADA

Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

— Ауғанстан билігін қолға алған «Талибан» қозғалысы біздің елде тыйым салынған ұйымдардың тізімінде болғанын білеміз. Қазір де бұл ұйым сол тізімде ме?

— Қазақстанда тыйым салынған аумақтық ұйымдардың ұлттық тізіміне оны өзектендіру мақсатында тұрақты түрде ревизия жүргізіліп тұрады.

Аталған процесс аясында, БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, «Талибан қозғалысын» одан шығару туралы шешім қабылданды.

— Яғни, бүгінгі таңда БҰҰ да «Талибан» қозғалысын террористік деп таныған ұйымдар қатарынан шығарған болып тұр ғой?

— БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді.

— Ендігі жерде Қазақстан мен «Талибан» арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар қалай жүргізілетін болады?

Саяси байланыстарға келер болсақ, Қазақстан бұдан әрі де Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанатынын атап өткім келеді.

Еске сала кетейік, бүгінде тәліптер әртүрлі елдермен, соның ішінде Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, әлемдік қауымдастық алдында өз беделін қалыптастыруға тырысып жатыр. Ең жақын көршілерімен белсенді сауда байланысын құруға күш салуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты