Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді - ІІМ

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді - ІІМ
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ тыйым салынған нөмірлер тізіміне енгізілген, бірақ соған қарамастан кейбір көліктер әлі де тағып жүрген мемлекеттік тіркеу белгілеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кей әріп тіркестері сөйлеу мәдениетінің ережелеріне жат және жасырын немесе әдепсіз мағанада қолданылуы мүмкін екенін ескере отырып, олардың айналымға шығуы шектелген, деп түсіндірді полицейлер.

"Мұндай шешім мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде де, жеке талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг және айналымға шығып кеткен нөмірлер бойынша азаматтардың мәлімдемелері негізінде де қабылданады", - делінген ІІМ-нің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, Қазақстан жолдарында әлі де осындай нөмірлері бар көліктер бар. Министрлік мәліметінше, көлік нөмірі осы серияға шектеу енгізілгенге дейін берілген болса, ол тәркіленбейді.

"Мүмкін комбинациялардың айтарлықтай санын ескере отырып, "тыйым салынған" сериялар саны өзгеретіні сөзсіз. Серияларды тағайындау үшін кезекті қалыптастыру әліпби тәртібімен жүзеге асырылады", - деп толықтырды ІІМ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты