Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР ИИДМ-де Аньхой аймағымен іскерлік байланысты арттыру жолдары талқыланды

ҚР ИИДМ-де Аньхой аймағымен іскерлік байланысты арттыру жолдары талқыланды
Фото: ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Аньхой аймағынан келген делегаттармен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Аньхуэй провинциясының Халық үкіметі сыртқы істер кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Ян Сяолинмен кездесті.

Келіссөздердің барысында Қазақстан-Қытай әріптестігін дамыту бағытындағы әлеуетті салалар анықталды.

Бұл ретте Аньхой аймағы «Бір белдеу – бір жол», «Янцзы өзенінің экономикалық белдеуі» бастамалары мен ҚХР орталық өңірі және Янцзы өзенінің төңірегін дамыту жобаларын жүзеге асыру бағытында маңызды рөл атқаратынын айта кетейік. Бұған қоса осы өңірде бірқатар өнеркәсіп түрі, оның ішінде интегралды микросхемалардың, жаңа дисплей құрылғыларының, жасанды интеллект пен озық конструкциялық материалдардың өндірісі дамып келеді. Сондықтан да бұл тың технологиялар саласындағы әріптестікті арттыру үшін қолайлы өңір саналады.

Аталған кездесу ҚР ИИДМ мен Аньхой аймағы арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Тараптар инновациялық бастамаларды бірлесіп іске асыру мен өзара тәжірибе бөлісуге дайын екендерін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады