Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде республикалық маңызы бар 7 мың км жолда жөндеу, қайта салу жұмыстары жүргізілуде

ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмасының орындалуы жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Министр «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылсы толықтай өз бақылауында екенін атап өтті.


«Өткен аптада «Қызылорда – Жезқазған» автожолына қатысты жазбаны көзім шалып қалды. Өздеріңіз білетіндей, қай жолдың мәселесі болсын, маған таңсық емес. Ұзындығы 412 шақырымды құрайтын автожол учаскесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Жоба 10 учаскеден тұрады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының аумағында — 6, Қарағанды облысында 4 учаске. Жобалардың жалпы құны 108 млрд теңге, оның шеңберінде 2 көлік айрығы, 3 көпір, 45 темірбетон құбыр мен 6 демалыс алаңын салу көзделіп отыр.


Жолдың жағдайынан толық хабардармын әрі бұл мәселені өзімнің жеке бақылауымда ұстап отырмын. Әдетте жұмыс сапарлары барысында өңірлердегі жол құрылысын тексеріп, нәтижелерін әлеуметтік желідегі парақшаларымда жариялап отыратынымды білесіздер. Өйткені бұрын-соңды жазғанымдай, жол жөндеу жұмыстарын өңірлерге барып, өз көзіңмен көру әлдеқайда тиімді. Шынын айтқанда, жұмыс орнында отырып, мәселені сырттай бақылап тапсырма беру бір басқа, «100 рет естігенше, бір рет көр» демекші, жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге келіп, өз көзіңмен көру бөлек», - деді ИИДМ басшысы.


Одан бөлек Қайырбек Өскенбаев еліміздің маңызды көлік артерияларында жүріп жатқан жұмыстар туралы жазды. Олар мыналар:

«Жалпы, биыл жол-құрылыс жұмыстарымен 11,2 мың км қамтылды, оның ішінде республикалық желі бойынша 7 мың шақырым. Атап айтсам, қайта құру жұмыстарымен 4 мың км қамтылса, жөндеу жұмыстары 3 мың шақырымда жүргізілуде.


Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыс барысындағы басым бағыттардың бірегейі болып табылады. Мәселен, «Алматы – Қарағанды», «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» және «Талдықорған – Өскемен» сияқты магистральдық маршруттарда басталған реконструкциялау жұмыстарының сапалы жүргізіліп, уақтылы аяқталуы министрлігіміздің ерекше бақылауында.


«Орталық – Оңтүстік», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен», «Ұзынағаш – Отар», «Үшарал – Достық», «Қостанай – Денисовка» жобалары аясында республикалық маңызы бар жолдар толық ауқымды жұмыстармен қамтылып отыр.

Республикалық маңызы бар «Қарағанды – Балқаш» трассасының барлық бойында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл арнайы техника санын үш есеге, жол жұмысшыларының санын төрт есеге арттырдық. Жыл соңына дейін 45 шақырымда қозғалысты жандандырып, 127 км пайдалануға беру жоспарланған.


«Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жобасы бойынша. Бүгінгі таңда «Талдықорған – Өскемен» учаскесінде 593 км жолдың төменгі қабаты бойынша қозғалыс ашылған. Құрылысты 2023 жылдың соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз».


Сондай-ақ, министр жоғарыда аталған жобалар бойынша жол жөндеу жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдардың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізіліп, жылдың басынан бастап тіпті де тоқтатылғанын айтты.


Одан бөлек министр «Атырау-Астрахань» автожолын сапасы не себепті нашарлағанын атап өтті: ««Ақтөбе – Атырау – Астрахань» жобасы шеңберіндегі «Атырау-Астрахань» автожолына келетін болсақ, экономика мен сауда қатынастарының дамуына байланысты жолдағы транзиттік көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы арта түскен. Бұл өз кезегінде жолдың өткізу қабілеттілігінің төмендеп, жол сапасының айтарлықтай нашарлауына әкеп соққан».


Сондай-ақ, Қайырбек Өскенбаев «Үшарал – Достық» автожолының, «Қостанай – Денисовка» автожолының құрылысы туралы мәлімет берді.

««Үшарал – Достық» жобасы бойынша 30-60 (30 км) км учаске пайдалануға берілді. 2,9-30 км (27,1 км) учаскесінде мердігер «Қыран» ЖШС жұмыс жасап жатыр. Аталған нысан тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаны 2023 жылы толық аяқтау көзделіп отыр.

«Қостанай – Денисовка» жобасы бойынша бүгінгі таңда 392-457 (65 км) және 509-515 (5 км) км учаскелері пайдалануға берілді. Жұмыстар 459-484 (24 км) км учаскесінде мердігер «Казахдорстрой» серіктестігімен жүргізілуде. Жолды жылдың соңына дейін пайдалануға беріп, қозғалысты ашу жоспарлануда» деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді