Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің шаруалары қиындықтарға қарамастан 3,7 миллион тонна астық жинағаны жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысына облыста 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатқаны, оның алтауы жыл соңына дейін іске қосылатыны жайында мәлімет берілді. Аграрлық секторда сомасы 80 миллиард теңге болатын 27 жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 1000 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл өңір халқының құс етіне, сүт өнімдеріне, көкөністерге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал өнеркәсіп саласында құны 469 миллиард теңге болатын 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл 15 жоба іске қосылады.

Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, жаңа нысандар салу арқылы 25 ауыл сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ кешенді блок-модульдер орнату арқылы 149 ауылға және топтық құбыр жобалары есебінен 46 ауылға су беріледі.

Сонымен қатар Президентке «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 4 мектеп салынатыны жөнінде айтылды. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 46 медициналық мекеме іске қосылады. Оның сегізі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыс орталығында екі емхана салынған. Уәлиханов ауданында емхана құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, облыс әкімі өңірдегі жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп  жатқанын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты