Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар екені жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 10 айдың ішінде бір триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін жалпы сомасы 87,7 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 14, білім және медицинаға қатысты 7, логистика бағытында 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 1,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына жылыту маусымының барысы туралы да айтылды. Атап айтқанда, биыл күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің және үшінші ЖЭО-ның бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140  гигакалория. Қала ұзақ уақыттан бері алғаш рет биылғы жылыту маусымында жылу энергиясына деген сұранысты артығымен қамтамасыз ететін болды.

Келесі жылы «Тельман» газ жылу станциясының бірінші және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл нысандар қаланы қосымша 850 Гкал/сағат жылумен қамтуға септігін тигізеді. 

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандар  (мектеп, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар) салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту және басқа да жұмыстар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы елордада бес оқушылар сарайының, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың  құрылысы басталады.  

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады