Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев СҚО әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады

Мемлекет басшысының қабылдауында болған СҚО әкімі аймақтың дамуы жөнінде, ауыл шаруашылығының дамуы, жылыту маусымына дайындық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде баяндады, деп хабарлайды президенттің ресми БОРТN1 Telegram-каналы.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құмар Ақсақалов өңірде күзгі егін науқаны басталғанын мәлім еткен. Құмар Ақсақалов баяндамасында биыл бидайдың бір гектарынан 16 центнер алу болжанып отырғанын жеткізген. Облыста 170 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілмек. Өңір басшысы бұл көрсеткіш бойынша республикада СҚО көш басында тұрғанын айтқан.

Сондай-ақ, аймақ басшысы аграрлық секторға биыл 180 миллиард теңге инвестиция тартылатын мәлім еткен. Солтүстік Қазақстан облысында құны 76 миллиард теңге болатын 31 жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына 2,4 мың техника алынған. Қазір аймақта 17 сүт фермасы, 3 құс фабрикасы, жылыжай кешені және май экстракциялау зауыты салынып жатыр.Өңірде сүт өндірісі 26 пайызға өскен.

Президентке өнеркәсіп саласындағы жобалар туралы да айтылған. Биыл кірпіш зауыты мен темір бетон бұйымдары, ірімшік шығаратын сүт зауыты ашылды. Қағаз өнімдерін шығаратын фабрика мен автоклавты газоблоктар кәсіпорны іске қосылмақ. АЖТ, электр қалқанының жабдықтары және жеңіл темір құрылысы сынды жобаларды іске асыру басталады. Одан бөлек, жаңа оқу жылында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде заманауи зертханалармен жабдықталған оқу-зертханалық корпус ашылмақ.

Әлемдегі үздік 100 жоғарғы оқу орындарының бірі – Аризона университетімен бірігіп, қос дипломды білім алуға студенттерді қабылдау алғаш рет жүргізілді. Сонымен бірге облыста биыл 401 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Аймақтағы жолдарды жөндеуге биыл 22 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға 663 шақырым жол жөнделеді. Сонымен қатар 55 ауылда су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшысына егін жинау науқанын жоспарға сай орындауды және облыстағы өзге де жобаларды одан әрі жалғастыруды тапсырған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты