Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті

Көлік министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті
Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында Көлік министрі Марат Қарабаев жүк тасымалдаушылармен, логистика саласының мамандарымен, қалалық көліктік жоспарлау сарапшыларымен, жол-көлік факультеттерінің профессорлары, оқытушылары және студенттерімен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Кездесу Almaty Management University ғимаратында өтті.

Екі сағатқа созылған әңгіме барысында кездесуге қатысушылар көлік саласында орын алған проблемаларды көтерді. Кездесуге келген тұрғындар тек шағымданып қана қоймай, нақты ұсыныстарын да ортаға салды.

Марат Қарабаев көптеген мәселе бойынша нақты жауаптар қайтарып, ең көп сұрақ туындаған тұстары бойынша түсініктеме берді.

Сондай-ақ ол мемлекеттік көлік саясатының басымдықтарын егжей-тегжейлі айтып, жаңа және перспективалы көлік-логистикалық жобалар туралы баяндап берді. Әңгіме барысында тіпті бұрын-соңды бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмаған тың дүниелер де айтылды.

Көлік министрлігінің басшысы орын алған кейбір мәселелерді бірлесіп пысықтау және нақты шешім іздеу үшін жеке байланыс деректері мен Комитет басшыларының нөмірлерімен бөлісті. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды