Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі; 06 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар болжанады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
07 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.