Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері таныстырылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері таныстырылды
Фото: primeminister.kz

Мектепке кіру, оқу материалдарының қолжетімділігі мен асханада тамақтану. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карталар іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Жүйе пилоттық режимде елордалық №95 мектеп-лицейінде енгізілген болатын. Мұнда картадан бөлек, биометриялық тану мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл дегеніміз – егер оқушы қандай да бір себеппен картасын ұмытып не жоғалтып алған жағдайда, ғимаратқа бет-жүзін тану құрылғысы арқылы кіре алады.

«Бір карта арқылы оқушы кітапханадағы оқу материалдарын алады, мектеп асханасында тамақ сатып алады, қалалық автобус қызметін пайдаланады», — деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Карта мен биометрия мүмкіндіктері вице-премьерге көрсетілді. Атап өтейік, астаналық мектепте бастауыш сыныптарда білім алатын 900-ге жуық бала мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 36 оқушыға тегін тамақ қарастырылған. Ал карта қолдану жөніндегі мәліметтер тек ата-аналарға ғана қолжетімді болады.

«Цифрландыру біз үшін өте маңызды. Бұл жүйенің ашықтығын қамтып, оқушы мен ата-ана үшін ыңғайлы жағдай жасап қана қоймайды. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мәселесі де бар», — деді Тамара Дүйсенова.


Сонымен қатар мұндай жүйелер пилоттық режимде Шымкент қаласында, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы мектептерде жұмыс істеп тұр. Оқу-ағарту министрлігі келер жылдан бастап технологияны өзге өңірлерде енгізуді жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді