Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті

Вице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті
Фото: ШҚО баспасөз орталығы

Күршім ауданы, Маралды ауылының маңындаға алтын өндіру фабрикасының жұмысын заңды түрде тоқтатуға ешқандай негіз жоқ, ол жұмыс істейді. Өндірістің қауіпсіздігі қатаң бақыланатын болады. Бұл туралы Маралды ауылының тұрғындарымен кездескен экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл лауазымды тұлғалар кеше Күршім ауданы, Күршім ауылының Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізген болатын.

Осы ауданға қарасты Маралды ауылының тұрғындары ауыл маңында алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы екендіктерін білдіріп жатқанына байланысты бұл кездесуде аталған ауыл тұрғындары да арнайы шақырылып, шағын автобус та бөлінген болатын. Бірақ бұл кездесуге Маралды ауылының тұрғындары келмеді. 

Сол себепті бүгін вице-министрлер, облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық басқармалар басшыларынан құралған топ өздері Маралды ауылына барып, салынып жатқан алтын өндіру фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл жерде қазір өндіріс жұмыстары тоқтап тұр.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан және облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов фабрика басшылығына егер тұрғындарға, қоршаған ортаға залал тиетін болса, экологиялық және қауіпсіздік талаптары орындалмаса, заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын, тіпті зауыт жұмысы тоқтатылатынын қатаң ескертіп айтты.

Одан кейін ресми топ тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Нұрымбет Сақтағанов барлығы да заң аясында шешілуі керек екенін атап өтті. Ал экология және табиғи ресурстар вице-министрі, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі фабрикаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті.

Олардың айтуынша, заңды түрде фабрика жұмысын тоқтауға ешқандай негіз жоқ, ол жұмыс істейді. Өндірістің қауіпсіздігі қатаң бақыланатын болады. Ең маңыздысы – халықтың жағдайы және заң. Сондықтан экологиялық жағдай қатаң бақылауда болады, ал заңсыз қазба жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Жиын соңында вице-министрлер алдағы уақытта маралдылықтармен тағы да кездесетіндерін мәлімдеді. Ал тұрғындар айтылған мәселелерге түсіністік танытты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді