Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қонаев қаласында «Менің елім – Менің туым!» акциясы ұйымдастырылды

Қонаев қаласында «Менің елім – Менің туым!» акциясы ұйымдастырылды
Фото: alatauaraiy.kz

Республика күніне орай, еліміздің аумағында «Менің елім – Менің туым!» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі alatauaraiy.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін бұл науқан Қонаев қаласында жалғасын тапты. Қала жастары Іле өзенінің бойында орналасқан «Тамғалы тас» шатқалына барып, бейнежазба түсірді.

Шараға таңнан дайындалып, белсене қатысқан жастың бірі – Ақерке Мақсатқызы. Ол мұндай науқандарға қатысу әр қазақстандықтың парызы деген пікірде.

«Тамғалы таста акция өткізу үшін 100-ге жуық жас жиналдық. Негізінен әр қазақстандық елі үшін қызмет етіп, айтулы мерекелерді құрметтеп, тойлатуы тиіс деп ойлаймын. Көк тудың көк аспанда қалықтап тұрғаны әрқашан бойымызға мақтаныш сезімін ұялатады. Сондықтан бұл акцияның бірлікке, татулыққа, патриоттыққа үндеуде маңызы зор», – деді ол.

Жалпы бүгін Тамғалы таста 15 байрақ көкке көтерілді. Ертең Қонаев қаласында 1000-нан астам адамның қатысуымен тағы бір науқан өтпек.

Айта кетейік, 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты