Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 2023 жылы 18 апатты үйден 327 пәтер тұрғыны қоныс аударды. Республика күні қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындар қуаныштарымен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы 327 пәтерлі 18 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жүргізілді. Осы жылдың соңына дейін тағы екі апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарын 43 пәтерге көшіру жоспарланып отыр.

Жаңа пәтер иелерінің бірі Татьяна Копнова бұрын 13 шаршы метр аумақта өмір сүргенін есіне алады. Қазір оның баспанасы екі еседен де үлкен.

«Біз жатақханада өмір сүрдік, баспанамыз небәрі 13 шаршы метр болды. Енді жаңа баспанаға қоныстанып отырмын. Мұндай пәтерді өзіміз сатып ала алмас едік. Жаңа пәтерімді жақсы көремін, біз мұнда келгенде толық жөнделген күйде болды. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ғажайыпқа сеніңіздер, армандарыңыз орындалады! Ғажайыпқа сеніп, пәтерлі болды», - деп елорда тұрғыны қуанышымен бөлісті.


Жаңа пәтерге ие болғандардың арасында астаналық Айгүл Құлбаева да бар. Осыған дейін ол жұбайымен және төрт баласымен бірге небәрі 18 шаршы метрде тұрып келді.

«Жаңа пәтерге көшіп, қатты қуанып отырмыз. Қоныс тойымызды туыстарымызбен, достарымызбен бірге атап өттік. Біз үшін бәрі қуанып жүр. Ы.Дүкенұлы көшесіндегі бес қабатты дәлізді үйде қанша жыл тұрдық, әр қабатта 40 бөлмеден болатын. Алтауымыз 18 шаршы метр жерде тұрдық. Осындай көмек көрсетілгені үшін алғысымыз шексіз. Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік пен қуаныш, бақыт тілеймін!» - деді Айгүл Құлбаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты