Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады

Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Азамат Есқараевтың баяндамасынан:

қабылданып жатқан заңнамалық шаралар, атап айтқанда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін оңтайландыру үшін әзірленген заң жобалары, сондай-ақ әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері жөнінде мәлімет берді;

азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтар, нотариаттық, адвокаттық қызметтер, атқарушылық іс жүргізу салаларындағы жаңалықтар және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Есқараевқа «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды жүзеге асыруға қатысты заңға тәуелді актілерді жедел қабылдау үшін Бас прокуратурамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Сонымен қатар Президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс істеп, Конституция талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда