Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының Байзақ ауданында іскер әйелдермен кездесу өтті

Бүгін, Nur Otan партиясы аудандық филиалының партиялық тізімдегі кандидаттары аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізді. 


Аталмыш кездесуді аудандық аппарат штабының жетекшісі Бақтияр Ақбаев ашып берді. Бақтияр Мұратұлы  «Елімізде демографиялық және гендерлік саясаттың дамуы арқасында бүгінде әйел азаматшалары көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Біз әйел азаматшаларымызды тек үйдің ұйытқысы немесе баланың тәрбиешісі ретінде емес, бірқатар билік органдарында, лауазымды қызметтерде көріп жүрміз. Солардың ішінде, іскер әйелдер қауымдастығының үлесі жоғары» - деді. Сонымен қатар, «Nur Otan партиясы саяси додада үгіт насихаттарын жүргізген кезде осы іскер әйелдер қауымдастығына үлкен үміт артып, ол сенім қолдау табады деген ойдамын. Сондықтан, Сіздердің істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - дей келе, 10 қаңтарға тағайындалған сайлау науқанында ауданның іскер әйелдері де белсенді түрде атсалысатынына сенім білдірді.


 

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Марина Байжарикова 2017 жылы Түймекент ауылдық округінде ауыл шаруашылығы бағытында кооператив ашқанын, бүгінгі таңда, кооперативтің жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, еліміздегі бас партияның саясатын қолдауға  шақырды.


Гулсин Ешеева, Қостөбе ауылдық  округі «Гүлсім» балабақшасының меңгерушісі, кандидат: 


- Әйел деген ол – Ана. Сол себепті, бүгін әйелдер қауымымен кездесіп, оларды толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде ой қозғасақ деп отырмыз. 2005 жылдан бері партия мүшесімін. Партия тарапынан атқарылған істер баршылық, дегенмен алда әлі де талай істер атқарылатынына сенімім мол. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», - демекші, барлығымыз бір адамдай келіп, өз учаскелерімізге келіп, дауыс беруге атасалысайық.


 

Гулбахрам Ермекова, Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры, кандидат:


- Алдымен бәріңізді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Осы Тәуелсіздігіміз арқасында еліміз биік белестерді бағындырды. Партия құрылған кезде мен де осындағы Н.Киікбаев атындағы орта мектепке жас маман болып орналасқан кезім болатын. Ол кездегі жағдай қиындау болғаны белгілі. Сол кездегі қиындықтарды бәріміз бірлесе жеңе білдік. Қазір заман күн санап өзгеру үстінде. Біздің еліміз де сол өзгерістер легінен қалмай келеді. Біздің партия Сіздердің қолдауларыңызға сенім артады. Сондықтан, баршаңызды Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын.


 

Әйгерім Бектұрсынова, Сарыкемер ауылының тұрғыны, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі: 


- Ең алдымен Nur Otan партиясына шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені, елімізде партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар оң нәтижесін беруде. Соның шапағатын өзім де көріп отырмын.  Қазіргі таңда, қайтарымсыз грантқа алған қаражат есебінен шағын бизнесімді дөңгелетудемін. Алдағы сайлауда партияға дауыс беруге шақырамын.


 

Сания Алтаева, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат:


- Мен 2003 жылы партия қатарына қабылданған уақытта Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында мұғалім болып еңбек ететінмін. Одан кейін педагог-ұйымдастырушы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынды бірқатар қызметтерде болдым. Бертін келе, бизнеске бет бұрып, мемлекеттік бағдарлама арқылы төмен пайызбен несие алып,  200 орындық «Мұрагер» балабақшасын салдым.  Қазіргі таңда, сарыкемерлік бүлдіршіндер осы бақшада тәрбие алуда.


 

Жиын соңында өзара пікір алмасқан кездесу қатысушылары «Біз біргеміз» деген ұранмен партия саясатын қолдайтындықтарын білдірді.


Авторы: Мұхтар МАНЕКЕЕВ


«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді