Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері 6,6 млн берешегі бар жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері 6,6 млн берешегі бар жүргізушіні анықтады
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері “Қорғау” бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев брифинг кезінде мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне “Қорғау – қауіпті жүргізуші” мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілді.

Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты.

Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты.

Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді