Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында берешегі бар 220 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды

Ақтөбе облысында берешегі бар 220 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды
Фото: polisia.kz

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту мақсатында салынған айыппұлдардың уақтылы төленуін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 7-30 маусымы аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері және сот орындаушылары жұмылдырылып, мобильдік топтар құрылды. Олар борышкерлерге тұрғылықты жері бойынша баруды жүзеге асырды және айыппұлдарды, оның ішінде “Автоураган” кешенін қолдана отырып, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлемейтін борышкерлерді анықтау, олардың автокөлігін арнайы тұраққа орналастыру бойынша шаралар қабылданды.

Іс-шара аясында әкімшілік айыппұл түріндегі берешегі бар адамдардың 220 автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық қауіпсіздікті немесе жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдардың уақтылы төлеу қажеттігі туралы ескертеді.

Мерзімінде төленбеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен айыппұл сомасы мәжбүрлеп өндіріп алынуы мүмкін екенін еске саламыз.

Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданғаннан кейін сіздің 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың толық сомасының 50 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқығыңыз бар. Егер 7 тәулік ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, ӘҚБтК-нің 811-бабының 3-бөлігіне сәйкес оны толық көлемде төлеуге міндетті боласыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады