Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 13 миллион кибершабуыл бұғатталды

Қазақстанда 13 миллион кибершабуыл бұғатталды
Фото: pixabay.com

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ биыл тамыздағы нәтиже бойынша кибершабуылдың айтарлықтай азайғанын хабарлады. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдалана отырып бұғатталған кибершабуыл саны 13 миллион болған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 3,3 есе аз, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының желілерінде ботнеттің ең көп таралған түрлері Аndromeda, Botnet, Mozi.Botnet және Mariposa.Botnet.

Алдыңғы аймен салыстырғанда зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі ақпараттық қауіпсіздік фактілері 53,8%-ға азайды. Фактілердің дені жергілікті атқарушы органдарда және квазимемлекеттік секторда тіркелген.

Securitylab-тың мәліметі бойынша, Andromeda 80 түрлі зиянды бағдарламалар тобын қамтитын ең көне және тұрақты ботнеттердің бірі. Ол спам тарату, деректерді ұрлау, DDoS шабуылдары және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылады. 2017 жылдың желтоқсанда бірнеше елдің қауіпсіздік мамандары мен құқық қорғау органдарының бірлескен операциясының нәтижесінде ішінара жойылды.

Егер сіз ақпараттық шабуылды байқасаңыз, 1400 нөмірі бойынша (тәулік бойы, тегін), @kz_cert_chat_bot telegram-ботына немесе incident@cert.gov.kz (email) поштасына жазуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды