Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысы аумағында гашишті заңсыз өткізген шаңғы спортының жаттықтырушысы ұсталды

Ақмола облысы аумағында гашишті заңсыз өткізген шаңғы спортының жаттықтырушысы ұсталды
Фото: polisia.kz

Шаңғы спортының жаттықтырушысы Ақмола облысының аумағында гашишті заңсыз өткізгені үшін ұсталды. Заңсыз айналымнан 55 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді жедел жұмыс барысында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен келісу және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен “Қарасора – 2023” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Астана мен облыс аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Жібек Жолы кентінің терминалының жанында Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны, облыс аудандарының бірінің тумасы басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Сол тұлға балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан. Күдіктінің автокөлігін санкцияланған тінту барысында багаж бөлігінде картон қорап табылды, оның ішінде салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сол күні елорда маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі заттарының тағы бір көтерме саудагері, 36 жастағы ер адам ұсталды. Сол үйді санкцияланған тінту кезінде гараждың үй-жайынан салмағы 15 келіден астам есірткі заты бар екі полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады