Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте “Қорғау” қосымшасы арқылы көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды

Шымкентте “Қорғау” қосымшасы арқылы көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте “Қорғау” қосымшасы арқылы көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 тамызда жедел басқару орталығының инспекторлары бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамның басқаруындағы автокөлікті анықтады. Дулати көшесімен келе жатқан құқық бұзушының басқаруындағы Toyota Camry туралы ақпаратты “Қорғау” бағдарламасы берді.

Автокөлік тізгіндеушісі осы жылдың наурыз айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін құқығынан айырылғаны белгілі болды. ЖБО-ның кезекшісі оны ұстауға патрульдік полиция полкінің автоэкипажын бағыттады. Көлікті тоқтатқан соң ер адам құжаттарын ұсынудан түбегейлі бас тартты. Кейін, көлігін кілтпен құлыптап, жақын маңдағы дүкенге бару керек екенін айтып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысты.

Алайда, тәртіп сақшылары оған айласын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді