Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Риддер  ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

Бүгінгі таңда мердігерлер мен жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған негізгі міндет – жылыту маусымының басында жылу көзі іске қосылатынына сенімді болу үшін жөндеу барысын бақылау. 

Риддер ЖЭО-ның жөндеу жұмыстары тек тау-кеніші қаласы тұрғындарының ғана емес, барлық шығысқазақстандықтардың назарында. Жұмыс барысымен облыс әкімі Ермек Көшербаев танысты.

– Белгілі бір қиындықтарға қарамастан кестеден ауытқу жоқ, - деп атап өтті өңір басшысы. - Жөндеуді жылдам жүргізу керек, сондықтан жұмыс майданы үнемі өзектендіріліп отыр. Бүгінгі таңда барлық тораптар мен агрегаттар бойынша жұмыстардың орындалуы 40 пайыздан асады, алда негізгі жөндеу тұр.

Естеріңізге сала кетейік, жылу көзіндегі алты қазандықтың төртеуін 20 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр. Ол үш орташа қысымды қазандық және бір жоғары қысымды қазандық. Бұған дейін айтылғандай, ауа райы қатты суыған кезде Риддерде барлық алты қондырғы жұмыс істейтін болады.

- Жұмыстар барлық алты қазандықта, басқа жабдықтарда, отын беру трактісінде, галереяда жүргізілуде, - деді "Риддер ЖЭО" АҚ Бас директоры Игорь Михайленко. - Жақын арада жабдықты орнатудың ең маңызды және жауапты процесі басталады.

Алайда, қала тұрғындарының үйлеріне үздіксіз жылу беру тек пештердегі ыстыққа байланысты емес. Оны

пәтерлерге жеткізуге  инженерлік құрылымдардың бүкіл желісі көмектеседі. Сондықтан Риддердегі жылу жүйесін қалпына келтіру мәселесінде оның әр бөлігінің ағымдағы жағдайы ескеріле отырып, кешенді түрде қолға алынды.

- ҚР Үкіметі мен еліміздің Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстарының орындалуы барысын бақылап отыр, - деп атап өтті Ермек Көшербаев. – Қазір жылу көзінде үш ауысымда 400 адам жұмыс істейді, келесі аптада олардың саны 500-ге дейін өседі. Егер қосымша жұмыс күші қажет болса, Үкімет бұл мәселеде де қолдау көрсетуге дайын.

Жылу желілерін қайта құруға үлкен көңіл бөлінеді. Риддер ЖЭО-сында күрделі жөндеу аясында екі шақырымнан астам құбыр жаңартылады. Жөндеудің сметалық құны шамамен 1,1 миллиард теңгені құрайды.

"Восток Котлы" ЖШС мамандары ескілерін бөлшектеп, жаңа құбырлар төсеуде, жұмыстар қаланың төрт учаскесінде жүргізілуде. Мердігер магистральды төсеуді 29 мамырда бастады және осы айда жұмыстар аяқталады. Қазіргі уақытта ұзындығы 500 метрлік учаскелердің біріне сығымдау жүргізіліп, толығымен жабылды. Жалпы, "Восток Котлы" ЖШС күшімен 1934 метр жылу желілері күрделі жөндеумен қамтылады.

- Біздің кәсіпорыннан жылу желілерін күрделі жөндеуге 30 адамға дейін тартылды, - деді "Восток Котлы" ЖШС өкілі Оралбек Тұрашев. - Қарқынымыз жақсы, тамыз айының соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады деп жоспарлап отырмыз.

Дәл мұндай жұмыстарды басқа мердігер – "Востоквзрывпром" ЖШС да қамтамасыз етуде. Кәсіпорынның бас инженері Сергей Богдановтың айтуынша, олардың мекемесі ұзындығы 320 метр болатын екі учаскеге күрделі жөндеу жүргізуде. Жұмыстар ағымдағы айдың соңына дейін аяқталады.

"Риддер ЖЭО" АҚ жылу желілерінің жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді