Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да сиырларға аю шабуылдап жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны өзінің екі сиырын белгісіз біреулер өлтіріп кеткенін мәлімдеген. Ірі қараға аю шапты деген болжам бар, деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Малға алғаш рет екі апта бұрын шабуылдаған. Артынша ер адам орман шаруашылығының инспекторларына сиырын аю өлтіргенін мәлім еткен. Комиссия оқиға орнынан жабайы жануардың терісі мен кемірген сүйектерінің қалдығын анықтады.

"Бірақ біз сиырды аю өлтірді деп нақты айта алмадық, аю онсыз да өлген жануарды жеп қойған болуы мүмкін", - деп түсіндірді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман және аңшылық шаруашылығы бөлімі жедел әрекет ету бөлімі бастығының орынбасары Василий Ткаченко.

Алайда оқиға 8 тамызда тағы қайталанған, тұрғын жыртқыштың үстінен тағы да шағымданды.

"Ауыл тұрғынының айтуынша, 8 тамызда аю тағы бір сиырын өлтірген. Бұл жолы ер адам өлген жануардың суретін жіберген. Оған қарап, аю сиырға шабуыл жасады деп болжауға болады. Барлық белгілері бойынша соған ұқсайды", - дейді Ткаченко.Десе де, соңғы шешімді Өскеменнен Ұлан өңіріне барған комиссия айтады. Манат ауылына баратын жол маңындағы демалыс орындарынан да өлген сиырлар табылғаны нақтыланған.

"Соңғы уақытта бізде аю көбейіп кетті, өйткені бұл аңды ешкім аулап жүрген жоқ", - дейді инспектор.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты