Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1373 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жаңа статистикалық мәліметтер COVID-19 таралуынма жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-арнасында жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қауіпті инфекцияны жұқтыру бойынша әлі де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары көш бастап тұр. Нұр-Сұлтан қаласында – 301, Алматы қаласында – 202, Шымкент қаласында – 12, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 28, Алматы облысында – 12,Жетісу облысында – 24,Атырау облысында – 26, Шығыс Қазақстан облысында – 10,Абай облысында – 22,Жамбыл облысында – 40, Батыс Қазақстан облысында – 49, Қарағанды облысында – 327,Ұлытау облысында – 2,Қостанай облысында – 63, Қызылорда облысында – 25, Маңғыстау облысында – 16, Павлодар облысында – 83, Солтүстік Қазақстан облысында – 26, Түркістан облысында – 16. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 368 205 жетіп отыр.
8-08-2022, 09:16
Өткен тәулікте 1300-ден астам адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз