Ұлттық экономика министрлігі мерекелік күндер тізбесіне толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, Қазақстанда тағы жаңа екі мереке пайда болуы мүмкін. Тиісті қаулы бүгін, 25 шілдеде "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады Kazlenta.kz
Министрлік енгізуді жоспарлап отырған мерекелер: 9 қыркүйек - Қазақстан кәсіпкерлері күні; 19 желтоқсан - Жарнама маманы күні. Идея авторларының пікірінше, Қазақстанда 1,6 млн астам шағын және орта бизнес субъектісі бар және олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Соңғы екі жыл әсіресе қиын болған. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр еткен.
Осыған байланысты, жаңа мерекелік күн – Қазақстан кәсіпкерлері күнін енгізу ұсынылған. Ал Жарнама маманы күнін "Жарнама туралы" заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылған. Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта жарнама маманы мамандығының танымалдылығына байланысты Қазақстандағы әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосуда (Қазақстанда шамамен 100 000 жарнама маманы бар 2000-ға жуық жарнама ұйымы тіркелген және жұмыс істейді). Екі мерекені бекіту үшін заңға өзгерістер енгізуге қатысты қоғамдық талқылау 8 тамызға дейін жалғасады.
26-07-2022, 09:20
Елімізде алдағы уақытта екі бірдей мереке пайда болуы мүмкін
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз