Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатты Ашық НҚА порталынан табуға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Құжат мәтініне сәйкес, Қазақстандағы мерекелер тізбесіне бір жаңа күн – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні кіруі мүмкін. Мереке күні шартты түрде 16 сәуірге белгіленді. Егер ол қабылданса, мереке жыл сайын аталып өтіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаулысының жобасына түсіндірме хатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері "Қазақстан халқын тәулік бойы жылумен, электрмен және сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалап, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады және күтеді" делінген.

Министрлікте атап өткендей, мұның бәрі "азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды". Сонымен қатар ведомство бұған дейін КСРО кезінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қызметкерлер күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгенін еске салды. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстанда ғана сақталып қалды. Жоғарыда аталған құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді