Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаңтардағы жаппай ереуілге қатысқан 514 күдікті қамауға алынған

Қаңтар оқиғасына қатысты 514 күдікті адам қамауда отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

«Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданып, ол бойынша 445 адам сотталды. Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүліктерді жоюға байланысты ауыр қылмысты жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне сотталды. Қазіргі уақытта 514 күдікті қамауда», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
 
Оның айтуынша, аталған адамдар қиратуға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын жымқыруға, мемлекеттік объектілерге және құрылымдық күш қызметкерлеріне шабуылға белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамауға алынған адамның қылмысқа қатысы бар-жоғы жөнінде жеткілікті мәліметтер бар. Олардың бәріне қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілген.

«Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да мән-жайды ескере отырып, 284 адамның қамауда ұстау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды», - деді Бас прокуратура өкілі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді