Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жәния Джуринская күйеуінің бұрынғы сүйіктісі туралы айтты

Актриса Жәния Джуринская күйеуі Данияр Хизметовтің бұрынғы сүйіктісіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жолдасының оған дейін болған қарым-қатынастары маңызды емес екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz. 

Джуринская күйеуінің бұрынғы ғашығы туралы Instagram парақшасында айтып берді. Белгілі болғандай, Данияр Хизметов бұған дейін үш жыл бойы бір қызбен бірге тұрған. Бұл ақпаратты актрисаның өзі растады.

"Маған Даниярдың менімен кездескенге дейін қандай қарым-қатынасы болғаны маңызды емес. Маған бәрібір. Мен өзімді жоғары бағалаймын, өзіме сенімді әйелмін. Бұл жағынан мен бәріне түзу қараймын. Мен тіпті күйеуіме бұрынғы ғашығы сыйлаған иіс суды тастауға рұқсат бермеймін. Ол иіс су маған ұнайды. Күйеуім оның иісін біздің алғашқы кездесулерімізбен байланыстырады екен", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов 2020 жылдың қазан айында мешітте некелерін қидырып, бір жылдан кейін үйлену тойын дүркіретіп атап өткен болатын. Қос ғашық екеуін қарантин уақыты қатты жақындата түскенін айтты. Бүгінде ерлі-зайыпты тұңғышын күтуде. Жас жұбайлар қызды болмақ. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты