Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан президенттігіне тағы бір кандидат ұсынылды

"Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Бірлестіктің мәліметінше, 11 қазан күні Астанада "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиыны өткен. Онда елімізде 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну мәселесі қаралған. Жинынға қатысушылар бірлестік атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы ұсынған. Бірлестік жетекшісі Айнұр Жүгінісованың айтуынша, Салтанат Тұрсынбекова ана мен баланы қорғау мәселелері, отбасы институты, ұлттық және рухани құндылықтарды дамыту секілді бірлестіктің басым бағыттарын ілгерілетумен айналысады.

Салтанат Тұрсынбекова әр жылдары мемлекеттік құрылымдарда, Жоғарғы сотта жұмыс істеген, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, сонымен қатар "Отбасында зорлық зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі. Айта кетейік, бұған дейін "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді