Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымбұлақ шипажайы селге байланысты туристер үшін уақытша жабылған

Шымбұлақ шипажайы селге байланысты туристер үшін уақытша жабылған
Фото: pixabay.com

Шымбұлақ өкілдері бүгін санитарлық күнге жабылатынын хабарлады. Бұл жаяу жүргіншілер көпірін қиратып, су алатын құбырдың істен шығуына әкелген селдің салдарымен байланысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Шипажайдың Instagram парақшасында мамандар су қабылдайтын бекетті лай мен тастан тазартып жатыр деп хабарлайды.

"21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Малая Алматинка өзенінде табиғи апат болды - сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірін қиратып, су қабылдағыштың істен шығуына әкелді. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Температураның көтерілуі мен мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан су ішуге жарамсыз болып отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Сонымен бірге, Алматының тауларында жағдай тұрақты және Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Қазіргі уақытта көлдердің тасып, бекеттердің жарылып кету қаупі жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді