Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды

Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды
Фото: inform.kz / Виктор Федянин

Бүгін елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: Болашақтың күн тәртібі» тақырыбы бойынша Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шара барысында сөз алған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Азиядағы саяси және экономикалық мәселелерді талқылап, өз ұсынысын білдіру үшін Астанаға жиналған сарапшыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар ведомство басшысы форумның қатысушыларына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берді.

«Құрметті форум қатысушылары!

Мен Сіздерді елордада өтіп жатқан жоғары деңгейдегі шарада қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда сарапшылар қауымдастығымен тікелей әрі ашық диалог орнату аса қажет болып отыр. Бүгінгі таңда әлем бұрын сонды болмаған қиыншылықтарға тап болды. Біз жаһандық экономика тұрақсыздығының, өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістің куәсі болып отырмыз. Осы мәселелер белгісіздік пен өзге де идеологиялық салдарға алып келеді. Дегенмен кең ауқымды дағдарыстар әлемдік қауымдастық үшін, оның ішінде Азия үшін мүмкіндік ұсынады. Сондықтан біз бірлескен күш-жігерімізді қауіпсіз, әділ әлем құрудағы сындарлы идеялар мен тың тәсілдерді табуға бағыттауымыз маңызды. Сондықтан саясаттанушылар, экономистер, жетекші сарапшылар, белді сараптамалық орталықтар және ғылыми-зерттеу иституттары бұл процесте шешуші рөлге ие», - делінген Мұрат Нұртілеу оқып берген Президенттің хатында.

Форумға Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жатыр.

Айта кетейік, аталған шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты