Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл жүргізушісі 1 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс

Петропавл жүргізушісі 1 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс
Фото: pixabay.com

Петропавлда 1 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда интеллектуалды бейнетіркеу жүйесі тағы бір жылдам жүруге құмар жүргізушіні анықтады. Бейнежүйе 24 мамыр мен 8 маусым аралығында шетелдік есепте тұрған ВАЗ-21101 автокөлігімен жылдамдықты асырудың 56 фактісін тіркеді. Бұл көліктің сақтандыру полисі тіркелмеген. Тәртіп сақшылары оған қатысты анықталмаған жүргізуші санаты бойынша мәліметтер базасына бағдар енгізді.

Осы сәттен бастап камералар оны автоматты түрде іздеуді бастады. “Мегакам.Қорғау”қосымшасының көмегімен СҚО ПД ЖПҚ басқармасының іздестіру тобының қызметкерлері қысқа мерзімде автокөлікті анықтады.

– Көлікті 29 жастағы петропавлдық тізгіндеген. Жылдамдық режимін бірнеше мәрте бұзғаны үшін ол 1,3 млн теңгеден астам сомада айыппұл төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл көлікті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін салынады. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Бұл ретте, 8 маусымнан бастап облыста “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 6 күн ішінде әкімшілік айыппұл төлемеген 4745 адам анықталды, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жыл басынан бері облыста автоматты тіркеудің бейнежүйелері арқылы барлығы 15525 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Заманауи технологиялар – жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған полицейлердің сенімді құралы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты