Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысындағы ірі өрт: 12 маусым күнгі ақпарат

Абай облысындағы ірі өрт: 12 маусым күнгі ақпарат
Фото: ҚР ТЖМ

Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс жиекте) өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі  Zakon.kz.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін 14 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет су төгілді, жалпы көлемі 2000-нан астам тоннаны құрайды.

Кеше метеожағдайдың өзгеруіне байланысты (желдің екпіні секундына 18 метрге дейін) өрт төменгі бөлікте өрбіп өрт ошағынан Талица ауылына (тұрғындар алдын ала эвакуацияланды) қарай бағыт алып, ауылды қорғауға өрт техникасы жұмылдырылған болатын. Өрт Талица ауылының шығыс жағынан далаға қарай өрбіп, өрт сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіруде.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 104 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.

"Қазгидромет" АҚ деректері бойынша 11 маусым күні: жауын-шашынсыз, солтүстік-батыс, солтүстік 9-14 м/с жел, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде, күндіз ауа температурасы 25-30 0С.

13 маусымда: жауын-шашынсыз, солтүстік-батыс, солтүстік 9-14 м/с жел, екпіні 15-20 м/с дейін болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде 12-170 С, күндіз 27-32 0С.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты