Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің үш облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды

Еліміздің үш облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды
Фото: polisia.kz

Еліміздің үш облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – Орал-Каспий бассейнінің аумағында уылдырық шашу кезеңінде балықтар мен басқа да су жануарларының биоалуантүрлілігін сақтау. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды.

64,3 тоннадан астам балық тәркіленді, оның ішінде шамамен 792 келі бекіре тұқымы және 30 келіден астам уылдырық, 126 қылмыс құралы, 6 жүзу құралы.

37 факті бойынша балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу үшін (ҚР ҚК-нің 335-бабы) және өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу ҚК-нің 339-бабы бойынша тіркелген.

Мысалға, 5 сәуір сағат 16:40 шамасында Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай елді мекенінен 8 шақырым теңіз жағалауынан “БУДАРКА-АТР236” қайығы тоқтатылды. Тексеру кезінде жалпы салмағы 228 келі қара балығы тәркіледі. Күдікте Исатай ауданы, Нарын ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар 19 мамыр Батыс Қазақстан облысы “Сырым” кеден бекетінде екі жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде автокөліктерден 40 тонна балық анықталды. Сондай-ақ Орал қаласында жалға берілген қоймадан 20 тонна балық табылды. Барлығы күдіктілерден 60 тонна ұсақ тұқымдас балық тәркіленді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) тіркелді.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға және заңды бұзбауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды