Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев "Каспий" су тұшыту зауытына барды

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау қаласындағы "Каспий" су тұшыту зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауытты кеңейту жобасының орындалу барысы туралы баяндалды. Тәулігіне 20 мың текше метр таза су өндіретін зауыттың қуатын екі есеге дейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды. Облыс басшылығының айтуынша, қазірдің өзінде Мұнайлы ауданының елді мекендері мен Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Өңірде халық санының артуына және туристік кластердің дамуына байланысты "Каспий" су тұшыту зауытының өнімділігін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттыру қажеттігі туындаған. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді ауызсумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның маңызы зор екенін атап өтіп, зауытты жаңғырту жұмысы сапалы орындалатынына сенім білдірді.

Бұл – өте қажетті, керек жоба. Мен бүгінгі жиында нақты мәселелерді айттым. Мұндай жобаларсыз қиын болады. Израиль, Сауд Арабиясы, Сингапур сияқты таза ауызсуы жоқ елдер көп. Сондықтан біз де міндетті түрде озық технологияларды енгізуіміз қажет. Үкіметке тапсырма берілді. Каспийдің де деңгейі түсіп барады. Мұны да ойлануымыз керек", – деді президент. 

Бұдан кейін мемлекет басшысы зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың халық үшін пайдалы іс атқарып жатқанын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты