Қазақстанда журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астанада 6 журналист пен блогерге, сонымен бірге 1 адамның қызметіне байланысты заңсыз әрекеттер жасалған.
"Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі зат жіберіп қорқыту деректері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату деректері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 115 "Қауіпі", 147 "Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату", 158 "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202 "Бөтеннің мүлкін қасақана жою", 293 "Бұзақылық" баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда бірнеше тәуелсіз журналиске шабуыл жасалды. Кейінгісі 2023 жылғы 19 ақпанда болды. "Гиперборей" Youtube-арнасының авторы, журналист Вадим Борейко әріптесінің екі көлігі жарылғанын хабарлады. Оның алдында журналист Вадим Борейконың өз үйінің есігін әлдекімдер желімдеп кеткен еді.