Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ Марат Ахметжанов Президент алдында есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Ведомство басшысы президентке биылғы 10 айдағы криминогендік жағдай туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда. 

Министрдің мәліметі бойынша, елімізде кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған. Марат Ахметжанов мемлекет басшысына құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу туралы да мәлімет берген. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстың себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға баса мән бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерінің өзгергені жөнінде баяндаған.

Министрдің айтуынша, бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен  және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. Одан бөлек, полицейлер заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 келі синтетикалық түрлерін тәркілеген. 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылған, есірткілерді жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталған. Марат Ахметжановтың сөзінше, қазіргі таңда өзі басқаратын ведомство нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Сонымен қатар министр "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" жеке заң әзірленіп жатқанын да атап өтті. Кездесу соңында мемлекет басшысы Ішкі істер министріне елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады