Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов үкіметтегі өзгерістерді түсіндірді

Сейсенбі, 3 қаңтарда, еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов премьер-министр кеңсесін үкімет аппараты ретінде қайта құру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қайта ұйымдастыру, сондай-ақ салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады, деп жазады kazlenta.kz
Отырыста Әлихан Смайылов премьер-министр кеңсесін үкімет аппараты ретінде қайта құру мемлекет басшысы бастамашылық еткен институционалдық реформалардың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын, құрылымдық өзгерістерді жалпы үйлестіру күшейтіледі.  
"Ол үшін аппараттың құрылымы мен оның қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен премьер-министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі. Аппарат Президент әкімшілігімен бірлесіп шешім қабылдау рәсімдерін бюрократиядан арылту және шамадан тыс регламенттеуді жою жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деді Әлихан Смайылов. 
 Үкімет аппараты басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қойшыбаев. Фото: primeminister.kz Үкімет аппараты басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қойшыбаев ведомствоның жұмысы бюрократиядан арылту, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" және орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қағидаттарына негізделетінін жеткізді.  Кеңесте премьер-министр өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы орталықсыздандыру туралы заң жобасы Президент әкімшілігіне келісуге енгізілгенін еске салды.  Оған сәйкес, үкіметтің 500-ден астам функциясын министрліктер мен әкімдіктерге беру көзделген.  
"Аталған заң жобасымен біз министрлер мен олардың орынбасарларының дербестігін күшейтеміз. Енді барлық ағымдағы салалық мәселелер министрлердің бұйрықтарымен қабылданатын болады", - дейді Әлихан Смайылов. 
 Күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталған премьер-министр президенттің жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылғанын атап өтті. Жер қойнауын геологиялық зерделеу және минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.  "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі - жер қойнауын игеруге инвестиция тарту болып табылады. Геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін өнеркәсіптік пайдалануға беруді аяқтау қажет", - дейді Әлихан Смайылов.   Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жер қойнауының жай-күйіне мониторинг және пайдалы қазбаларды өндіруге мемлекеттік бақылау күшейтілетінін, қажетті салалық шешімдер қабылдау және бизнес-процестерді цифрландыру процесі жеделдетілетінін айта кетті. Сонымен қатар премьер-министрдің сөзінше, осы айда министрліктердің жоспарланған алқа мәжілістерінде барлық салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарлары қаралады.  Кеңесті қорытындылай келе, Әлихан Смайылов үкімет алдында экономиканың нақты мәнде 4 пайызға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 2 есеге 9,5 пайызға дейін төмендету және 2023 жылы $24,4 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту секілді маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.  
"Біздің басты мақсатымыз – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру. Сіздерден тиімді жұмыс және  шешім қабылдауда үлкен жауапкершілік талап етіледі", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді