Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тіл, сауда және ІТ саласының үздіктерін марапаттауға арналған 3 төсбелгі бекітілді

Елімізде «Үздік цифрландырушы», «Ахмет Байтұрсынұлы» және «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгілері пайда болмақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің сайтында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Құжатта жазылғандай, «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, өзіне жүктелген міндеттерді адал және жауапты орындайтын, осы салада кәсібилік танытқан, 15 жыл және одан көп еңбек сіңірген цифрландыру саласындағы жұмыскерлер марапатталады. Бұған қоса, аталған төсбелгімен ерекше жағдайларда цифрландыру саласындағы ерекше еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.


Ал «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен гуманитарлық сала өкілдері, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқан адамдар мен қазақ тілін оқытуға негізделген IT жобалардың авторлары және гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға жəне дамытуға елеулі үлес қосқан шетел азаматтары марапатталады.


«Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгісі еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және жауапты орындайтын әрі сауда саласында бастама және кәсіпқойлығын көрсететін сауда саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар жұмыскерлерге табысталады.


Төсбелгілерді бекітуге бағытталған қаулы бүгіннен, яғни алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады