Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-дегі парақшасында Ресейдің Украинаға толыққанды шабуыл бастағанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл – агрессив соғыс. Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді», – делінген хабарламада.