Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ОСК Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

Бүгін, 20 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Бұл туралы ОСК отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

ОСК президенттікке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ОСДП) ұсынылған кандидат Нұрлан Әуесбаев барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын, сондай-ақ оның сайлауға қатысуына кедергі келтіретін сырқаттары жоқ екенін хабарлады. Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев өзін қолдайтын 120 мыңнан астам қол жинаған. Осылайша ОСК Әуесбаевты ел президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркеу туралы шешім қабылдаған. Әуесбаевтың өзі отырысқа қатысып, оған ресми түрде кандидаттық куәлік табыс етілген.

Еске сала кетейік, ОСК Нұрлан Әуесбаевты 10 қазанда Қазақстан президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай екенін хабарлаған болатын. Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылып отыр. Айта кетейік, бүгінге дейін ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде алты үміткерді тіркеді. Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова және Нұрлан Әуесбаев. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты