Жс, 11 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған үш адам тіркеуден өтпегенін мәлімдеді

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында президенттікке кандидат ретінде ұсынылған үш адам тіркеуден өтпей қалғаны белгілі болды. Хайролла Ғабжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизақова президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай емес болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Құжаттарды тексеру үшін ОСК мемлекеттік органдарға тиісті сауалдар жолдаған. Нәтижесінде Хайролла Ғабжалиловтың Қазақстан президенттігіне кандидаттарға қойылатын екі талапқа сай емес екені белгілі болды. Біріншіден, ол - тумысынан Қазақстан республикасының азаматы емес, Қарақалпақстанда дүниеге келген. Қазақстанда соңғы 24 жылда тұрып жатыр. Екіншіден, Ғабжалиловтың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ. Еске сала кетейік, 72 жастағы Хайролла Ғабжалиловтың кандидатурасын "Асар" оралмандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы ұсынған болатын.

Талғат Ерғалиев те президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай емес болып шықты. Себебі, оның мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жеткіліксіз, ол бар болғаны үш жарым жыл мемлекеттік қызметте болған. Айта кетейік, Ерғалиевті "Қазақстан құрылысшылар одағы" ұсынған болатын. ОСК Фатима Бизақованы да президенттікке кандидат ретінде тіркеген жоқ. Себебі, оның мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жоқ. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Фатима Бизақова "Тәжірибелік психология" РҚБ атынан ұсынылған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді