Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Төреғали Төреәліге "соққыға жықты" деп айып таққан гид жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

Күні кеше Төреғали Төреәлінің "Көлсай көлдері" табиғи паркіндегі видеосы желіде тараған болатын. Ал әншіні "өзін соққыға жықты" деп айыптаған гид Бекарыс Қожбанов оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол өнер иесін кешірмейтінін жеткізді, деп хабарлайды "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Бекарыстың айтуынша, олар Төреғали Төреәліні туристерге мақтап таныстырған. Содан соң туристердің бірі әншіге қараған екен. "Сол күні Көлсай көлінің жағалауында сағат 16:30 шамасында туристермен демалып жатқанбыз. Сонымен қатар сол жақта Төреғали ағамыз да демалып жатыр екен.

Арамызда Мәскеуден келген кісіге Төреғали ағамызды мақтап, "Біздің жұлдызымыз" деп таныстырдық. Содан Мәскеуден келген кісі 5 секундтай қарап тұрған екен Төреғали ағамызға. Сосын конфликт басталды. Төреғали ағамыз "Сен маған неге қарайсың" деп атылып, конфликт шыққан. Бірақ таяқ жеген мен. Тоқ етерін айтатын болсақ, Төреғали ағамыз көтеріліп кетті жоғары қарай.

Соның артынан турист кісіміз кетіп қалды. "Бәлесінен аулақ" деп артынан барғанбыз. Төреғали аға менің түрімді жаттап қалып, "Осы кісі қайда" деп маған шабуыл жасады. Машинасынан шығып, менің жағамнан ұстап, мені ұрды", - деді Бекарыс Қожбанов.

Бағдарлама жүргізушілері төбелестің тек туристің бетіне қарағаны үшін болғанына таңғалды. Соққыға жығылған жігіттен "Сол үшін ғана болды ма? Бетіне қарап тұрғаны үшін? Бірнәрсе айтпады ма?" деп сұрады.

Ал Бекарыс туристің қазақша түсінбейтінін, әншінің балағат сөздер қолданғанын айтты. "Ол турист қазақша түсінген жоқ. Төреғали ағамыз қазақша балағаттап, апаратын жеріне апарып тастады. Біз бір пирста тұрдық. Келесі пирста Төрағали ағамыз тұрды. Біз ол кісіге жақындап, арнайы таныстырып ештеңе жасамадық. Тек алыстан қарап тұрғаны үшін осылай келді", - деді Қожбанов.

Сондай-ақ гид жігіт қазіргі таңда әншінің үстінен арыз жазғанын да мәлім етті. "Арыз жаздым. Кеген аудандық полициясы жауап алды. Қазір қалаға жеттім. Енді жергілікті полиция қызметкерлері тағы менен жауап алуы керек", - деп түсіндірді ол.

Бекарыс Қожбановтың айтуынша, Төрағали Төреәлі тарапынан өзіне ешкім хабарласпаған.

"Жоқ, маған ешкім хабарласқан жоқ. Сот медициналық сараптамадан өттім, қортындысы әлі дайын емес. Қабағым жарылып, гемотома пайда болды. Денеме соққы алдым, бірақ көгерген із қалмаған. Бұл кісіні кешірмеймін. Бұл кісіні халық көтеріп отыр және халық түсіреді. Осы істі соңына дейін жеткізуім керек, мақсатым сол", - деді әншіден таяқ жеген азамат.

Естеріңізге сала кетейік, кеше "Көлсай көлдері" табиғи паркі Төреғали Төреәлінің төбелескенін растады. Сондай-ақ әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді