Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Солтүстік-батыс антициклоны еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың басылуын тудырады.
Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында әрі қарай ауа температурасының жоғарылауы болжануда.
Фото: Pixabay.com