Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлылығын айқындайды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады.

Атап айтқанда, жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді өздерінің функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпай-ақ қабылдауға құқық беріледі.

Кешенді реинжиниринг негізінде норма шығару және бюджет үдерістерінің мерзімдері мен кезеңдері екі есе қысқарады. Сонымен қатар ведомстволық есеп беру ісін жүйелеу және автоматтандыру; ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді мемлекеттік органдардың сұратуына тыйым салынады; қағаз түріндегі құжаттарға бұрыштама соғу және олардың парақтарына алдын ала қол қою жойылады; өкілеттіктерді орта деңгейдегі басқару буынына беру; қашықтан жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдардың басшыларын құралдармен қамтамасыз етіп, жағдай жасау және басқа да мәселелер қарастырылады.

Бюрократиядан арылту ісінде мемлекеттік басқарудың барлық саласын цифрлық трансформациялау және жүйелік реинжинирингтеу маңызды саналады. Бұл жұмыстардың негізгі бенефициарлары азаматтар болады. Бұдан бөлек Жарлықта қамтылған шаралар түпкілікті нәтижеге әсер етпейтін, бірақ мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз рәсімдер мен үдерістерден босатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын мемлекеттік аппараттың тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты