Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зорлық белгілері бар: Алматыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Алматыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт туралы хабарлама “101” пультіне кешкі сағат 21:00 шамасында келіп түскен.

– Өртті локализациялағаннан кейін бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кейін бұл – үйдің иесі, 38 жастағы К.есімді азамат екендігі анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс жасамаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, адамның өліміне – мойынның кесілген жарақаты, сол жақтағы кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, іштің және сол жақ бұғана аймағындағы еніп кеткен пышақ жарақаттары және одан кейінгі мәйітті өртеу себеп болған. Тергеу барысында 44 жастағы П.есімді азамат анықталды, ол қылмыс жасалмас бұрын жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Ер адамдардың алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Олардың арасында жанжал туындап, оның барысында П.есімді азамат үй иесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

– Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үйге өрт қойған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам, ас үй пышағын бірінші болып үй иесінің ұстағанын, ол оның қолынан жұлып алып, оған бірнеше рет өлімші соққылар жасағанын айтты. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, – деді М.Жаңабаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда